Бұл курс мұғалімдердің білім беру тиімділігін арттыруға бағытталған халықаралық тәжірибелерді зерттейді. Курстың мақсаты – педагогтарға заманауи әдістер мен стратегияларды меңгерту арқылы оқыту сапасын жақсарту, оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру және білім беру жүйесіндегі жаһандық үрдістерге бейімделу дағдыларын дамыту.
Курс мұғалімдерді кәсіби шеберлігін арттыруға, білім беру тәжірибесін жаңартуға және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс істеуге дайындауға бағытталған.